Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған «Ақ кеме» спектаклінің премьерасын ұсынады.

«Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Төреқұлұлының айтулы шығармасы балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарына лайық туындылардың бірі әрі бірегейі. Спектакльдің режиссері – Дина Жұмабаева, суретшісі – Лилия Хисматуллина, хореограф – Анна Цой. Спектакльдің жанры – траги-әфсана.
Әкесінің  ақ кемемен келетініне сенетін бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс. Төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек адаммен, жеті жасар баланың тіршілігі бізге ақ пен қараның, үміт пен үрейдің адам бойында үнемі айқасқа түсіп жататынын аңғартады. Баланың арманы ақиқатқа айнала ма әлде үміті үзіле ме?.. Спектакль осы сауалға жауап іздейді. Күн шықса шексіз көкжиекке дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана мейіріміне жарымай өскен баланың тағдыры мен көркем бейнесі көпшілікке ой салары анық.
Қырғыз жазушысының қазақ сахнасындағы премьерасы 17, 18, 20 желтоқсан күндері өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ. ТЕАТР KZ журналы. ‪#‎Қоспремьера‬ ‪#‎70маусым‬

admin

Ғ. Мүсірепов театры шілде айында да көрерменін күтеді

admin

Ендi Сiз – билет iздеп сабылмайсыз. Үйде отырып та, онлайн билетке тапсырыс бере аласыз!

admin