Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

АҚ КЕМЕ

admin

«АҚ КЕМЕ»

Траги-әфсана

Авторы – Шыңғыс Айтматов
Сахналық нұсқасын жасаған ( инсц. ) – Нұрайна Сәтпаева
Аударған – Ағзия Көлбаева
Қоюшы-режиссеры – Дина Жұмабаева

«Адамзаттың Айтматовының» бұл шығармасын білмейтін жан кемде-кем. «Ол екі ертегі білетін. Біреуі, өзінен басқа тірі жанға белгісіз сәби қиялынан туған. Екіншісін, атасы айтып берген. Кейін екеуі де ғайып болды», – деп басталатын көркем туынды көпшілікке кеңінен таныс. «Ақ кеме» – ар-ұждан күресінің толқынында тынбай жүзетіндей. Қайырым мен мейірімнен қол үзбейтін жаны ізгі жандар да сондай… Зұлымдық алдында бас иіп, асау толқынға қарсы қасарыса, жан берісе күресе алмаған дәрменсіз Мейірімділік, түбінде құрдымға кетеді. Әлсіздік танытудың соңы өшпес өкініш, трагедияға жол салып беруі бек мүмкін. Баланың телегей-теңіздей арман, талап пен қайрат, өмірге құштарлығы, Бұғы-Ананың қарағай тамырындай рухани күш-жігерге ие көркем бейнесі мен Момын шалдың ізгілікті кейпі және соның бәріне қарама-қайшы – зұлымдық пен арпалысқа, озбырлық пен аярлыққа толы көріністер көрермен көңілін бей-жай қалдырмасы анық.