Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мүсірепов театры жаңа маусымын бастады

Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы жаңа маусымын бастады.

Өнер ордасының ұжымы көрерменге әлемді мойындатқан Рей Кунидің драматургиясы, яғни “13-ші комедиясын” ұсынды. Биыл репертуарлар жаңарып, әсіресе балаларға арналған қойылымдардың саны көбейді. 74-ші маусымның басты ерекшелігі де осы. Сонымен қатар, көрермен көзайымына айналған тарихы терең театр ұжымы жуырда әйгілі актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай Семейде өткен республикалық фестивальдің бас жүлдесін иеленді. Сондықтан, толымды табыс, көтеріңкі көңіл-күймен басталған жаңа маусымда “Өнерсүйер қауымға көрсететін тағылымды дүниеміз аз емес”, – дейді актерлер.

Азамат Сатыбалды, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры:

Әрине, әрбір спектакльден біз жаңалық күтеміз. Әрбір спектакль бір жаңалық болса екен деп ойлаймыз. Бірақ, спектакль деген өнер болғаннан кейін ол бір балқып тұрған қорғасын сияқты. Белгісіз қандай қалыпқа түсетіні. Сол үшін ниетіміз бір, ниетіміз жақсы. Әрбір спектакль жақсы шықса деген ойдамыз. Көп жаңалықтарымызбен таңқалдырамыз ба деген ойымыз бар.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ 

Ақпарат көзі: https://qazaqstan.tv/news/117531/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Подарить детям радость

admin

Қуаныш пен қобалжу: Алматыда ұзақ үзілістен кейін театрлар қайта ашылды – видео

admin

Бал дәурен мен жастықтың театры

admin