Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ! КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ!

Құрметті Қазақ елі!!!
Сіздерді шын жүректен Ата Заң күнімен құттықтаймыз.

Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстанның халықаралық деңгейде лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

Сәйкес жаңалықтар

Азамат САТЫБАЛДЫ: Мұқағалидің рөлін армандап жүрмін…

admin

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 80 жылдық мерейтой аясындағы гастрольдік сапары

admin

Өнер иелеріне – жоғары құрмет

admin