Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Азамат Сатыбалды: Қазақстанда болмаған ерекше концерт-спектакль өткіземіз

Азамат Сатыбалды: Қазақстанда болмаған ерекше концерт-спектакль өткіземіз

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, танымал актер Азамат Сатыбалды өзі басшылық ететін театрда ерекше кеш өтетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Театр директоры бүгін, 26 наурыз күні «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде өткен брифингке қатысқан.

Журналистер сауалына жауап берген ол Алматыдағы беделді өнер ордаларының бірі болып саналатын Мүсірепов театрының жаңалықтарымен бөлісті.

Айтуынша, аталмыш мәдениет ошағы Құрманғазы оркестрімен бірігіп кеш өткізбекші екен.

28,29 наурызға жоспарланған концерт-спектакль “Аманат” деп аталады.

“Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес, бабаларымыздың аманатын жастарға жеткізу мақсатында, «Аманат» атты концерт-спектакльді ұсынамыз. Оркестр мен театр актерларының бірігіп концерт-спектакль ойнауы Қазақстанда бұрын болмаған. Осылайша, көрермендерге актерлардың да ән айтып, би билеп, оркестрмен бірге поэзия-монолог оқитынын, сол бірлескен жобаны жоғары деңгейде жеткізуге болатынын көрсеткіміз келеді», – деді Азамат Сатыбалды.

Ақпарат көзі: https://kaz.nur.kz/1785526-azamat-satybaldy-kazakstanda-bolmagan-erekse-koncert-spektakl-tkizemiz.html

Сәйкес жаңалықтар

Театр менің бірінші үйім

admin

Ақтоты Райымқұлова «Елім-ай» сыйлығын табыстауға арналған жиынға қатысты

admin

snowboarding is a thrilling sport in the mountains

admin