Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Алматыда “Аманат” концерт-спектаклінің премьерасы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді.
Бұрын – соңды болмаған бұл шара – Құрманғазы оркестрінің басқа концерттерінен ерекше, себебі атаулы жобаға театр актерлері де өз үлестерін қоспақшы. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған тың жоба көрермендерге тек ғана оркестрдің орындауындағы танымал шығармаларды тыңдатып ғана қоймай, музыка арқылы қазақ халқының тағдырына үңілуге мүмкіндік береді.
Ерекше бағдарламалы концерт-спектакльдің дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері – Абылай Тлепберген. Сценарий авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы – Ақзия Көлбаева. Қоюшы режиссер – актер Данияр Базарқұлов.

Ақпарат көзі: http://massaget.kz/blogs/25485/?img=http%3A%2F%2Fmassaget.kzhttps%3A%2F%2Fmassaget.kz%2Fuserdata%2Fblogs%2Fblogs_25485%2Fimage_l.jpg&fbclid=IwAR0hPzX6UkR_LFObNgH_mYEBoNBg3Xo45-MbPBNWTDAbD0Do2o1z7RF1nBg

Сәйкес жаңалықтар

ТЮЗу имени Г.Мусрепова исполнилось 70 лет

admin

ТЮЗ әртістері студентерді төл мерекесімен құттықтады.

admin

Құрметті көрермен! 14-қараша сағат 18.30-да студенттер күніне арналған ”Айтылмаған махаббат” театрландырылған ән-думан кешіне шақырамыз! Жастық шақтың ұмытылмас сол бір қызықты сәттерін суреттейтін әдемі кештің куәсі болғыңыз келсе, театрға келіңіз!!!

admin