Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

“Жусан иісі” драмасының премьерасы өтеді

Алыста қалған балалық шағым… ойымнан бір кетпейді. Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой.

Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс…

1511951136_l

Жақында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі классик жазушы Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” шығармасының желісі бойынша дайындалған “Жусан иісі” драмасының премьерасы өтеді. Қойылымның сахналық нұсқасын жасаған – Жұлдызбек Жұманбай.

Қызықты қойылмнан қапы қалмаңыздар, достар!

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/49429/

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың актеры Ербол Садырбаев “Жаңа күн” бағдарламасының студия қонағы. #ЖаңаКүн.

admin

23.10.2015ж. Алғашқы бастамамыздың сəтті өтуіне қызығушылық танытып, өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап іздеп келген Əл-Фараби атындағы ҚазҰУі мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті студенттеріне алғыс білдіреміз!!!

admin

ТЮЗ әртістері студентерді төл мерекесімен құттықтады.

admin