Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

«ТАҢШОЛПАН». ҚАСЫМ ЖӘКІБАЕВҚА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

«Қазақ киноөнері» десе әйгілі таланттардың тұтас бір шоғыры көз алдыңа келеді. Бірақ сол дарындар қатарында Қасым Жәкібаевтың образы ерекше көзге түседі. Экрандағы образдары өмірдегідей шынайы. 12-гі баланы да, 80-гі қартты да сомдаған хас шебер, қазақ өнерінің бір биігі. Қасым Әбенұлы Жәкібаев Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі кеңестік және қазақ кино және театр актері, кино саласында да Ресей мамандарын мойындатқан шебер. Актер 300-ден аса рөл сомдаған. Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының және Қазақ Ұлттық киноакадемиясының «Құлагер» сыйлығының иегері, театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер. Қасым Жәкібаевтың сырт келбеті ғана емес, болмысы бөлек мінезді актер. Ол өнерді сүйіп, тек соған қызмет етті. Қарапайым ғана өмір сүріп, ұрпағын, ұлтын сүюге тәрбиеледі. Таяуда актерді есте қалдыру мақсатында тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Алматы қаласы әкімдігі ұйытқы болған шараға замандастары, туыстары мен жақындары қатысты. Өнер иесін еске алды.

Ақпарат көзі: http://kaztrk.kz/news/portal/tansholpan-qasym-zhakibaevqa-eskertkish-taqta-ornatyldy-103818

Сәйкес жаңалықтар

Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының актеры, қалың көрерменге “Мың бір мақал”, “Сен сұлу” тележобалары арқылы кең танымал болған Рахман Омар мырзамен болған бүгінгі эфиріміз де онша қызықсыз өтпеген сияқты

admin

Мемлекеттік хатшы “Сахнагер-2017” Ұлттық театр сыйлығын тапсырды

admin

«Адам – Заттың» айтары көп

admin