Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Талғамға сай тарту

Қазақ елі тарихында тұңғыш рет өтіп отырған ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақ­стан­ның әлем алдын­дағы айшықты бе­делі болып саналады. Төрткүл дүниені там­сан­тқан бұл көрме сауда-саттық жә­не экономикалық байланыс қана емес, бү­кіл әлемдік руханияттың сал­та­нат құ­ратын сәті екені тағы аян.

Әсі­ре­се, оның аясында өтіп жатқан әдеби, мә­де­ни шаралардың ішінде біз үшін те­атр ұжым­дары қойылымдарының ор­ны бө­лек. Мәселен, соңғы бір-екі ай бе­дерінде елі­міздің театр өмірінде қан­ша­ма айтулы оқиғалар болды. Ха­лық­аралық мәр­­тебесі бар екі бірдей фестиваль – «Сах­надан сәлем!» мен А.Әшімовтің 80 жылдығына арналып, тұңғыш рет өт­кі­зілген Дүниежүзілік «А­стана» театр фес­­тивалі осы айтып отырған ойы­мыз­дың жарқын дәлелі іспетті. Қазақ елінің тө­белі төріне алыс-жақын шетелдерден не­бір майталман сарапшылар мен сахна саңлақтарын оздырып, Қазақстан да­мыған мәдениеті мен өнері арқылы да еңсесі тіктеліп, ендігі көлбеген еңселі ел екенін танытуда. Еліміздегі ең үлкен өнер ошақтарының бірі саналатын Қазақ мемлекеттік академиялық Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры ЭКСПО-2017 халықаралық ма­ман­­дандырылған көрмесі мен Астана күні құрметіне елордада өнер көрсетті. «Эт­ноауыл» ұлт­тық мә­дени кешенінде Байғали Есе­нә­лиевтің «Базарың тар­қа­масын» му­зыкалық драмасымен бас­талған өнер сапары «Астана Балет» те­атрында тартымды репертуармен жал­ғасын тапты.

Соның бірі, «Қара шекпен» әфсанасы Түр­кия мем­ле­ке­тінің Конья қаласында өт­кен «Мың тыныс – бір дауыс» атты халықаралық және рес­пуб­ли­ка­лық театрлар фестиваліне қа­тыс­қан, театр репертуарындағы шоқтығы биік қойылымдардың бі­рі болып саналады. Әфсананың авторы – Г.Хугаев. Қ.Төлеуішов аудармасымен сахналанған туындының режиссері – Асхат Маемиров. «Жер бетін ме­кен­дейтін он сегіз мың ға­ламның ішін­дегі ең құдіреттісі де, ең ақыл­дысы да, ең әдемісі де – Адам…» – деп үн қатады Тұзар (ит), әфсананың бас­ты кейіпкері. Ал біз дәл осындай «дә­ре­ж­еге» расымен, лайықпыз ба?! Ав­тор жер бетіндегі бүкіл адамзат ба­ла­сының қайғы-қасіретінің басты се­бебін іздеп, көпшілікке астарлы ой тастайды.

«Қара шекпен» спектаклі – адамдар арасында жоғалып ба­ра жатқан адалдық пен шы­най­ыл­ық­ты, адамгершілік пен дос­тық қарым-қатынас қасиет­те­рін қадірлеуге үндейтін құнды дүние.

Мүсіреповтіктердің Астана күні ме­ре­кесіне тартулары ішінде У.Шек­с­пир­дің «Бір сен үшін тудым…» трагедия­сы ерекше орын алады. Абыз жазушы Ә­біш Кекілбайұлы аудармасымен режиссер Жұлдызбек Жұманбай сахналаған туынды махаббат майданын жырлайды.

Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі ма­ша­қат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, то­­быр мен то­бырдың кесірінен қаншама қан тө­гілді, қаншама махаббат иесі құр­­бан болды. Ықылым за­ман­нан келе жат­қан адамзаттық ахуал осы.

Шекспирдің «Ромео мен Джу­льет­та­сы» да – солардың кебі… Шек­­с­пир­­дің 400 жылдығына ар­нал­ған бұл қой­­ылымның басты ерек­шелігі жә­не төл өнерге ете­не жақындығы – Шә­кә­­рім Құ­дай­бердіұлының өлең­де­рі­мен көр­кемделуі. Қазақтың ұлт­тық ма­­­­хаббат дастандарының са­ры­ны­на жа­­қын­датып, «Дудар-ай» әні лей­т­мотиві бол­ған «Ромео мен Джу­ль­етта» тра­гедияс­ы «Бір сен үшін ту­дым…» де­ген атпен көрерменге жол тар­тқан екен. Қойылым рухани құн­ды­лық­тарға көз­қарас пен түсінік көмескі тарта бастаған әсіресе қазіргі заман үшін өте-мөте маңызды болып қала бермек. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://egemen.kz/article/talghamgha-say-tartu

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әмина Өмірзақованың туғанына – 100 жыл

admin

ЕЛ МЕН ЕРДІҢ МҮДДЕСІ

admin

ӘРІПТЕР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

admin