Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

«Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестиваліне шақырамыз!

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ

 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

14 – 19 наурыз аралығында

 «Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестиваліне шақырамыз!

  Халықаралық театр күні мен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «АЛТЫН САҚА» атты жаңа қойылымдар фестивалі ұйымдастырылып отыр. Театр репертуарындағы 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың наурызы аралығында сахналанған балалар қойылымдары және кешкі қойылымдар сайысқа түсетін болады.

Фестиваль жүлделері:

  1. «Жыл актеры»
  2. «Үздік ер кісі бейнесі»
  3. «Үздік әйел бейнесі»
  4. «Екінші қатардағы үздік ер кісі бейнесі»
  5. «Екінші қатардағы үздік әйел бейнесі»
  6. «Эпизодтық рольдегі үздік ер кісі бейнесі»
  7. «Эпизодтық рольдегі үздік әйел бейнесі»
  8. «Көрермен көзайымы»
  9. «Театр үміті»

Безымянный-1

Фестивальдің қазылар алқасы:

Еркін Жуасбек – Өнертану ғылымдарының кандидаты

Есмұхан Обаев – Қазақстанның халық артисі, профессор

Сатыбалды Нарымбетов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Сәуле Әбединова – Өнертану ғылымдарының магистрі

 24 наурыз күні, сағат 18.30-да фестиваль нәтижелері жарияланып, концерттік бағдарлама ұсынылады.

БАҚ бөлімі 273-22-48

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

admin

Копия «Жаңа күн». Дирижер Арман Жүдебай

admin

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin