Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Елордада «Дарын» сыйлығының иегерлері марапатталды

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Тындырымды тірліктерімен қоғамдағы сан-саланың дамуына үлес қосып жүрген жеңімпаздарды Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев марапаттады.
Дарын мемлекеттік сыйлығы елімізде 1993 жылдан бері тапсырылып келеді. Оның негізгі мақсаты – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан жастарды қолдау. Еңбектерін елеу. Бүгін осы мақсатта 26 азамат арнайы дипломдармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Ақпарат көзі: http://kaznews.kaztrk.kz/society/10987-elordada-daryn-syylygynyn-iegerleri-marapattaldy.html

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

17 11 Студия қонағы – МАҚСАТ СӘБИТОВ

admin

Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының тарихы

admin

13-қараша күні сағат 17.15-те “Кейіпкер келбеті” мейман бұрышы кезекті кездесуін өткізеді. Театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры – Əсел Мəмбетова көрермен көкейіндегі сан сауалдарға жауап береді. Қызықты кештен құр қалмайық, қадірлі көрермен!

admin