Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың 70 жылдығына және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған конференция өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдық тарихына арналған драматург-авторлар, театртанушы, өнертанушы ғалымдардың қатысуымен “Жастар театрының бүгіні мен болашағы” атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс-шараның келесі бөлімі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференцияға жалғасты. Баспасөз конференциясынан соң қонақтарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен театрдың 70 жылдығына арнайы жасақталған музей-көрмелерді, “Кейіпкерлер” галереясы (перформанс) таныстырылды.

Мерейтойлық іс-шара “Тәуелсіздік – тұғырым, театр – менің ғұмырым” атты театрландырылған концерттік салтанатты кешпен жалғасты. Алғашқы құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызының атынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы жеткізді.

Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театр ұжымын М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының және тағы да басқа театрлардың басшылары құттықтады.

Театрландырылған-концерттік бағдарламада театрдың құрылуынан бастап бүгіне дейінгі сәттерді қамтыған тарихи фильмнен үзінді көрсетілді. Салтанатты кештің бағдарламасында театрдың барлық жанрлары қамтылған қойылымдар ұсынылды. Барлық қойылымдарды театрдың бүгінгі артистері мен бұрын осы театрда қызмет етіп, бүгінде еліміздің мақтаныштарына айналған актер-актрисалар орындады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шара мәртебелі көрерменнің қошеметімен аяқталды.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/oner/gmusrepov-atyindagyi-teatrdyin-70-jyildyigyina-jane-273695/

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«Көңіл толқыны». Анимация. Тынышкүл Сұлтанбердиева, Нұрбақыт Намазбеков

admin

9 желтоқсанда өткен желтоқсаншылармен кездесу күні есте қаларлықтай дүниелермен толықты. Бәріміз ерекше көңіл-күйді жыр ете айта шығатын, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Желтоқсан-86” тәуелсіз күрескерлермен кездесу өтті. Қиын-қыстау заманның кейіпкерлері 1986 жыл 16 желтоқсанды терең күрсініспен еске алды және әрбір оқушының сауалына жауап қатып, пікірін тыңдап ой қорыта білді. Аталмыш шарадағы батыр апа-ағаларымыздың ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан қаралы да қасіретті күні тыңдап отырған бізді де бей-жай қалдырмады. Сондай-ақ, ерліктің ащы тұстары айтыла түсіп, жыл сайын күрескерлер ақталып, осы бір қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатқан “Желтоқсан оқиғасы” бүгінде қолға алынып, өзіндік мәртебеге ие болғандығы көңіл қуантатынын жасырмаймыз. Сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің туы қаһармандардың арқасында келіп жетіп, желбірей түсуде. Өкінішті сәттердің, соның ішінде, сан мыңдаған батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, олардың қазақ деп ұрандатқан ащы айқайы әрдайым санамызда, жадымызда мәңгілік жаңғырып тұр. Кездесу, Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен аға-әпкелеріміздің әңгімелерімен қыза түсті. Өзіндік ойымен қарсы алдымызда, Республикалық “Желтоқсан-86” Тәуелсіздік қырандары Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы – Жүніс Гүлбаһрам Есмұратқызы, Тәуелсіздік күрескері – Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы және Гүлнәр Сейтімбеттей аға-апаларымыз бөлісті! Сөз соңында, тәуелсіздік жолында қаза тапқан батыр қызымыз Ләззат Асанованың анасы да көзіне жас ала отырып, әңгімесін, тілек, алғысын жеткізе білді. Жас балғындарымызда есті әңгімеге елітіп, тіпті өлең шумақтарын жарыса оқып, патриот ұрпақтың өсіп келе жатқандығын дәлелдей түсті. Сонымен қатар, тәуелсіз күрескерлерге баршамыз өре түргеліп, Желтоқсанның жаңғырығына, ызғарлы желіне төтеп бергендігіне жарыса алғысымызды жаудырдық. Кеш соңы театр ұйымдастырған “Желтоқсан желі” атты қойылыммен жалғасын тапты.#Тәуелсіздіккүрескерлері #желтоқсанжелі#алғысымызшексіз

admin

ТҰСАУКЕСЕР. «АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА»….

admin