Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры У.Шекспирдің «…Бір сен үшін тудым…» («Ромео – Джульетта») трагедиясының премьерасына шақырады! Премьера 17, 18 маусым күндері сағат 18.30-да басталады.
Қоюшы-режиссер – Жұлдызбек Жұманбай
Қоюшы-суретші – Нұржан Саменов
Хореограф – Карина Джиренбаева
Киім суретшісі – Назым Тоғжанова
Сахна сайысы – Мақсат Рахмет
Режиссердің ассистенті – Әсет Иманғалиев
Биыл У.Шекспирдің 400 жылдығы.
Мәңгі махаббат бар жерде, мәңгі машақат бар. Әулет пен әулет, топ пен топ, тобыр мен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан ұлтқа бөлінбейтін адамзаттық ахуал.
Шекспирдің «Ромео – Джульеттасы» да – солардың кебі…
«…Бір сен үшін тудым…» деп шырылдаған шындықты, көзбен көріңіз, ішпен біліп, көңілге түйіңіз!…
Театрдың баспасөз бөлімі:
273-22-48