Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

«МАХАББАТ ХАТТАРЫ» ДРАМАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

18 мамыр, сағат: 18.30-да
Американдық өршіл сенатор ғұмыр бойы өзімен хат алысқан әйелдің қазасынан  кейін  өткен  өмірін  бір сәт еске  алады.
Екі жүрек, шөліркеген кейіп… Құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы.  Хаттар,  хаттар…
Бір-бірін  іздеу,  сағыну,  аңсау,  күту,  күю  мен  жану…  Әлемнің  әр  түкпірінде  өз  өмірлерін  сүріп  жатса  да,  алғашқы  Махаббатты  ұмытпау.
Қос кейіпкер, екі артист: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері –
Мелисса  — Тынышкүл  Сұлтанбердиева
Энди — Қадырғазы  Қуандықов
сахна  төрінде,  «Махаббат  хаттарына»  жан  бітіреді.
Жан тебірентерлік драманы көріп әсерленгіңіз келсе,
«Махаббат хаттарын» көруге келіңіз! Қойылымда психологиялық  толқыныстардан  өзге  ештеңе  де  жоқ.  Және  қажет  те  емес!
Авторы –  Альберт  ГЕРНИ
ауд.  Ағзия Көлбаева
Қоюшы-режиссері – Жұлдызбек  Жұманбай
Қоюшы-суретшісі  – Қуат  Түстікбаев

Ақпарат көзі: http://kazgazeta.kz/?p=45710

Сәйкес жаңалықтар

Ғ. Мүсірепов театрының жаңа басшы қандай өзгеріс әкелді?

admin

“Бүгін жексенбі” бағдарламасының қонағы – ҚР еңбек сіңірген артистері Гүлжамал Қазақбаева мен Кәдірбек Демесін.

admin

Picture of surprised young pretty with 3d glasses

admin