Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Асылхан Төлепов: Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді

Өнер иелерінің арасында спортты да қатар алып жүргендер жетерлік.  «Жаужүрек мың бала» фильмінің жұлдызы Асылхан Төлепов – таэквондодан қара белбеу иесі. Спорттық дайындығы оған ержүрек, шымыр кейіпкерлердің рөлінде ойнауға мүмкіндік береді.

Ол кинода Сартай батырдың, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың рөлін сомдаса, жаугершілік заман батырлары – оның театрдағы образдары.

Халықтың сүйіктісіне айналған актер жуырда көрермендерімен кездесті.

Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 70-ші маусым басталысымен «Кейіпкер келбеті» жобасын қолға алған. Соның аясында көрермендер театрдың бірқатар әртістерімен жүздесіп, пікір алмасты.

«Қандай рөл болсын бас тартпаймын. Жағымсыз кейіпкерлерді де сомдағым келеді. Өйткені, бұл – менің мамандығым. Кіші рөл болмайды, кішкентай актер болады. Кішкентай рөлді үлкен қылып көрсету де – біздің қолымызда», дейді актер.

Актер Сартай батыр бейнесіне қатысты айтылған сындарды қалай қабылдады? Сахнадағы әріптестері ол туралы қандай пікірде? Отбасы қандай, ортасы кімдер? «Таңшолпаннан» біліңіз.

Ақпарат көзі: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/asylhan-tolepov-zhagymsyz-keiipkerlerdi-de-somdagym-keledi-video

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«АДАМ-ЗАТ» – ӨМІР ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫС

admin

Бугин Казак хандыгынын 550 жылдығының аясында, Халықаралық “Қазак тілі” қоғамының Төралқасы “Елім деп соққкан жүрегім” атты марапаттау кешінен естелік!!!! Құтты болсын!!

admin

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

admin