Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

Мемлекетті түбегейлі өзгертуге негіз қалайды.

Аида ЖАНТІЛЕУОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, «Серпер» жастар сыйлығының иегері:

Мемлекетті түбегейлі өзгертуге негіз қалайды.

– Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты – әлем­дегі дамыған отыз елдің қатарына қо­сылу. Адамзат баласы дамып-өркен­деудің үлкен бір шыңына жеткен сынды көрінетін ХХІ ғасырда даму, алға жылжу қай ел үшін де, соның ішінде Қазақстан үшін де оңайға соқпасы анық. Сондық­тан құжатта атап өтіл­ген­дей, мемле­кеттігімізді нығайтып, жолдан адас­пау­ға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғы­зу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған осы Ұлт жоспары халық үшін бағдаршам болмақ.
Мәселен, институттық рефор­маның бе­сiн­шi түрi «Есеп беретiн мем­лекет­тiлiктi қалып­тастыру» деп аталады. Оны жүзеге асыру үшiн «Он нақты қа­дам» ұсынылған. Бұл қадамдардың әрбi­рiн жүзеге асыру үшiн өз алдына дербес iс-шаралар кешенiн iстеп шығуға тура келедi. Қыс­қасы, «100 нақты қадам» елімізде «2050 стра­тегия­сын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін ны­ғайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен се­німді өтуге жағдай туғыза­тын, «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, олар­ды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мем­лекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалай­тын жоспар.

Ақпарат көзі: http://aikyn.kz/ru/news/show/19048-_lt_zhospary

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Luxury red car details view, elegant and beautiful

admin

Театрымыздың қойылымдарын сағынған қадірлі көрермен, театрға келіп рухани байып қайтыңыз!

admin

“Жаңа күн” студиясының қонағы – театр және кино актеры Елдар Отарбаев

admin