Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Қойылымдар

«Балкон» романтикалық иллюзия

Авторы-Ермек Аманшаев
Қоюшы-режиссері Сағызбай Қарабалин  ҚР еңбек сіңірген артисі
Қоюшы-суретшісі  Бақыт Сраилов ҚР мәдениет қайраткері
Режиссердің ассистенті-Динара Әбікеева
Музыкасын құрастырушы- Динара Әбікеева
Киім суретшісі- Әлия Әбдікәрімова
Балетмейстер- Ләззат Билибаев
«Балкон»- орта жастағы әйелдің бір тамшы мөлдір мұңы. Пенде баласы алаңсыз көрінгенімен, өмір бойы бір нәзік сәулені күтумен болатыны сөзсіз. Біздің кейіпкеріміз – «ақ қанат құс махаббатын» әлі де күтумен жүрген жалғызілікті жан.
Әдеттегідей, жұмыс күнінен кейін пәтерге оралған Әйел, балконында әлдекімдердің жүргенін байқайды. О баста үрейленіп, полицияға телефон шалғанымен, өздерін тым еркін ұстаған «серілердің» әңгімесіне, әсіресе өзіндей өнер адамы Режиссердің ой-орамдарына бірте-бірте бой үйрете бастағандай. Бірақ сезім кейде алдамшы келеді. Кенеттен пайда болған жігіт кенеттен ғайып болады…
Арман қатты аралдан келгендей көрінген бұл серіңіз кім сонда? Адам өміріндегі қиялдың орны қандай?..Спектакль міне, осындай сауалдардың жауабын іздейді.

DSC_0877 DSC_0875

_MG_7280 _MG_7271

_MG_7132 DSC_0809

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Бір түп алма ағашы” драма

admin

АЙМАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ ШАРАСЫ

admin

«Қара шекпен» әфсана

admin