Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Қойылымдар

«Желтоқсан желі»

«Желтоқсан  желі»

драма

Авторы – Серік Асылбекұлы

Қоюшы режиссері – Мұрат Ахманов

ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Қоюшы суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі

Музыкамен көркемдеген – Торғын Рақымбаева

Режиссердің ассистенті – Қадырғазы Қуандықов

 

Қойылым –  бір күннің оқиғасымен өрбиді. Яғни, 1986 жылдың әлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі  құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы…Сондай-ақ, оларды қала  қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады.  Ақыр аяғында, аяғы ауыр болса да алаңға шыққан Ақмарал қыз жат үйде – Баймырза атаның шаңырағында күнінен бұрын босанып қалады.

Бұл – тек,  осы кейіпкерлердің басында болған жәйттер ғана емес еді…

Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған «жүйе» «Орталық алаңда» – «сахнада» оларды қан жоса қып, зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді…намыстарына тиді. Осының бәрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды.

1986-да Алаңда болмаған адамдар спектакльді көріп отырып, сол күндермен тікелей қауышқандай әсерде болады.

DSC_0002 DSC_0007

DSC_0012 DSC_0014

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Құстар фестивалі” комедиялық фарс

admin

АЙМАҚ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ ШАРАСЫ

admin

«Қара шекпен» әфсана

admin