Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

ТЕАТР ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТПЕК

Ғ.Мүсірепов атындағы Академиялық жасөспірімдер мен балалар театры көрермендер мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушыларының кездесуін өткізбек, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1986 жыл 16 желтоқсан – ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан қаралы да, қасіретті күн еді. Сол қаралы оқиға қазақтың қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатып, батырларымыздан қол үзіп қалғанымызбен, сан ғасыр армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кездесуге республикалық «Желтоқсан-86» Тәуелсіздік қырандары» Халық қаһармандары қозғалысы төрайымы –Гүлбаһрам Жүніс, «Желтоқсан-86» Республикалық тәуелсіздік күрескері – Үсіпхан Сейтімбет, «Желтоқсан-86» Республикалық тәуелсіздік күрескері – Бақытжан Тұрдалиева келіп, тәуелсіздік пен елдік, егемендік жайлы сүбелі сұхбат болмақ.

Кездесу театр әртістері сахналайтын «Желтоқсан желі» қойылымымен қорытындыланбақ.

«Қамшы» сілтейді

Сәйкес жаңалықтар

Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты xатшысы Уәлиев Қуатжан Серікқазыұлының төрағалығымен, министрлікке бағынысты мекемелердің баспасөз xатшыларымен кеңес отырысы өтті.

admin

Қуаныш Керімқұлов: Табиғатыма жақын деген образды әлі сомдап көрген жоқпын

admin

Тараз қаласында өткен халықаралық “Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады” фестивалiнде театр ұжымы Г.Хугаетың “Қара шекпен” қойылымы бойынша екi номинациямен марапатталды.

admin