Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70-маусымы ашылды. Осыған орай өнер ордасының басшылары мен көркемдік жетекшілері және театр әртістері баспасөз отырысын өткізді. Ондағы мақсаттары – жаңа маусымның ашылуына байланысты екі бірдей премьераны көрермен назарына ұсыну.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 70-маусымы ашылды. Осыған орай өнер ордасының басшылары мен көркемдік жетекшілері және театр әртістері баспасөз отырыстарын өткізді. Ондағы мақсаттары – жаңа маусымның ашылуына байланысты екі бірдей премьераны көрермен назарына ұсыну. Олар – қоюшы режиссер Еркін Әбдірәшовтің «Алтын мүйізді киік» ертегісі мен Мұрат Ахмановтың «Райымбек! Райымбек!» атты тарихи драмасы.
Мұрат АХМАНОВ, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
-«Райымбек! Райымбек!» атты Мұқағали Мақатаевтың поэмасы арқылы қойылды. Мұнда ол кісінің өлеңдері пайдаланылды. Негізі қойылымда Ақтабан шұбырындыда қызыл империяның тауқыметін бастан кешірген қазақ жайында баяндалады.
Ақпарат көзі: http://kk.tantv.kz/novosti/eksklyuziv/teatr_mausymy_ashyldy_