Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы, киноактриса Шұғыла Ешен халықаралық деңгейдегі айтулы марапатқа ие болды. Ол тарихта алғаш рет «Алтын глобус» (Golden Globes) ұйымының арнайы Beacon Award марапатын иеленген қазақстандық өнер өкілі атанды.
Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 23-24 қазан күндері Ташкент қаласында өткен алғашқы Silk Road Tribute Gala салтанатты кеші аясында ұйымдастырылды.
Шұғыла Ешеннің халықаралық марапатқа ие болуы отандық өнердің әлемдік мәдени кеңістіктегі беделін арттырып, қазақ өнерпаздарының шығармашылық әлеуетін тағы бір мәрте танытты.


