Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Камалия Байтілеуова «Парасат» орденімен марапатталды!

Камалия Байтілеуова «Парасат» орденімен марапатталды!

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Камалия Байтілеуова «Парасат» орденімен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Оразбайұлы табыстады.

Театр өнеріне сіңірген еңбегі мен шығармашылық жолындағы жетістіктері жоғары бағаланған әріптесімізді айтулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Өнер жолында толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз!

Сәйкес жаңалықтар

Театрымыздың актеры, Қазақстан Жастар Одағы “Серпер” сыйлығының лауреаты – Əсет Иманғалиев “Жаңа күн” бағдарламасында.

admin

АКТЕР. РЕЖИССЕР. ҰСТАЗ. Ерлан Кәрібаевтың шығармашылығы туралы

admin

Құттықтаймыз!!

admin