Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Көкірек көзі оянғандай»

admin

«Көкірек көзі оянғандай»

«Көкірек көзі оянғандай»
Перформативті-пластикалық драма

Авторы: С. Сейфуллин
Режиссері: А. Цой
Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут
Жас шектеуі: 16+

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық әлемі – қазақ әдебиетінің сырлы да терең арналарының бірі. Оның поэзиясы мен прозасында адам болмысы, туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғат тынысы, арман, сезім және рухани ізденіс айрықша көркемдікпен өрнектеледі.

«Көкірек көзі оянғандай» спектаклі Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына перформативті-пластикалық сахна тілі арқылы үңіледі. Мұнда ақынның шығармаларындағы сезім мен ойдың, ішкі толғаныс пен көркем бейненің қозғалысы басты назарға алынады.

Спектакльдің музыкалық әлемін домбыра, қобыз, сыбызғы секілді ұлттық аспаптарда орындалатын жанды музыка толықтырады. Тірі музыкалық сүйемелдеу сахнадағы пластикалық әрекетпен астасып, Сәкен шығармаларының табиғи ырғақтары мен эмоционалдық қуатын тереңдете түседі.