Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

«Гамлет. Соңғы күндер» (Трагедия)

admin

Авторы: У. Шекспир
Аударған: Х. Ерғалиев
Режиссері: Д. Жұмабаева

«Гамлет. Соңғы күндер» (Трагедия)«Гамлет» – ұлы Шекспир трагедиясын қазіргі заманның әлеуметтік-мәдени контекстімен ұштастырып, адам жанының терең иірімдерін, әділет пен кек, ар мен билік арасындағы күресті бейнелейтін батыл ізденіс. Режиссер бұл спектакльде классикалық мәтінді заманауи интерпретацияда ұсына отырып, билік пен сатқындық, кек пен әділет, өмір мен өлім, рухани жалғыздық пен жауапкершілік сияқты тақырыптарды қайта қарастырады. Басты кейіпкер Гамлеттің жан азабы, қоғам мен адам болмысына қойған сұрақтары бүгінгі күннің де көкейкесті мәселелеріне айналып отыр. Бұл қойылым көрерменді жеке таңдау мен қоғамдық парыз, үнсіздік пен үн қату, шындық пен жалғандықтың ара жігін ажыратуға шақырады. Спектакль заманауи көрермен үшін – рухани айна, ішкі толғаныс пен есеюдің сахналық көрінісі.