Драма-жаңғырық
авт. Всеволод Вишневский
ауд. Әлішер Рахат
Режиссеры – Сергей Левицкий
Бұл спектакль – соғыстың адам өмірінің құндылықтарын жойып жіберетін жойқын және мағынасыз элементтер туралы. Бұл – адамгершілік пен адами қасиеттердің өзегі бұзылған кезде кезігетін барлық жамандық атаулыға жол берушілік туралы.
Қойылым – зорлық-зомбылыққа баратындар мен ондай арсыздықты ақтап алатындарға, оны насихаттаушылар мен озбырларға қарсы көркем наразылықтың белгісі. Соғысты қолдайтындар, ақтап-жақтайтындар да бар… Бұл – сол сұм соғысқа қарсылық іспетті.
«Театр ішіндегі театр» техникасы – актерларға кейіпкерлерді сомдамай, оларды көрермендер алдында сол жерде осы қазір ғана көргендей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Оптимистік трагедия» – көрерменді бей-жай қалдырмайтын, тақырыптары жарқын да батыл формалар арқылы өрбіп, заманауи сахналық театр тілімен жеткізілетін көркем қойылым.