Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Мекеме жаңалықтары

ТЕАТР ҰЖЫМЫ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ АТТЕСТАЦИЯСЫНАН ӨТТІ

Бүгін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымы «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестациядан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №189 бұйрығына сәйкес аттестациядан өтті.

Аталмыш аттестация кезінде театр әртістері би, вокал және барлық қызметкерлер арнайы тестілеу кезеңдерінен өтті.

Өнер ордасындағы әр қызметкердің білім, тәжірибе деңгейін шыңдау шығармашылық шабытын арттырып, көрерменге сапалы спектакльдер ұсыну мүмкіндігін арттыратыны сөзсіз.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мүсірепов театры “Жусан иісі” драмасының премьерасына шақырады

admin

Ғ.Мүсірепов атындағы театр премьераға шақырады

admin

Екінші дүниежүзілік Астана театр фестивалі өтеді

admin