Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Сәуір айының 17-і күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі  жанынан  құрылған ведомстволық бағынысты мәдени ұйымдарының қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті.

Шараның мақсаты – қоғамды қоршаған ортаны қорғауға қатысуға шақыру,қала аумағын көгалдандыруға үлес қосу болып табылады. Іс-шараға Алматы қаласында орналасқан мәдени ошақтармен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы да ат салысты. Театрымыздың белді актерлары Әсет Иманғали мен Бейбіт Камаранов ұжым атынан акцияда бой көрсетті. Аталмыш іс-шара өз жалғасын табады деп сенеміз!

Сәйкес жаңалықтар

Өмірдің өзінен алынған қойылым

admin

Астанада жаңа театр маусымы ашылды

admin

10-қараша күні сағат 17.15-те “Кейіпкер келбеті ” бұрышының қонақтары, киелі сахнадағы кейіпкерлерін нақышына келтіріп сомдайтын талантты артистер, театр сүйер қауымға “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” қойылымындағы басты рөлдерімен танылған Бейбіт Камаранов, Сәния Ерзат жəне Елдар Отарбаев көрермен сұрақтарына жауап береді. Қызықты кездесудің куəсі болғыңыз келсе, театрға келіңіз! #Театр #өнер #Қозы #Баян

admin