Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Жаңалықтар

Сыншылар жүлдесі

«International Union of Theatre Critics» – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» 2020 жылғы еліміздегі театрлардың жасаған жұмысына қарай сараптама жасап, жылды қорытындылай келе жыл үздіктерін анықтап, «СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІМЕН» марапаттады.

Еліміздің танымал театр сыншыларының сараптамасының нәтижесінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен  жасөспірімдер театры ең басты жүлделерге ие болды.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМ» номинациясы бойынша «ШАҒАЛА» спектаклі (автор А.П.Чехов, режиссер Е.Нұрсұлтан).

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РЕЖИССЕРІ» номинациясы бойынша «ҚҰЛАГЕР» қойылымы үшін ФАРХАД МОЛДАҒАЛИЕВ.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АКТРИСАСЫ» номинациясы бойынша «Шағала» қойылымындағы Аркадина ролін сомдаған ЖАНАР МАҚАШЕВА МАРАПАТТАЛДЫ.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкеева атындағы драма театрының сахнасында  театрымыздың көркемдік жетекшісі ДАНИЯР БАЗАРҚҰЛОВТЫҢ режиссерлігімен сахналанған «Мен» қойылымындағы Мен ролі үшін Ербол Есендосов  «Жылдың үздік актері» номинациясы бойынша марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы тойланды

admin

Премьера спектакля «Сең»

admin

Ғ.Мүсірепов театры — наурыз айының репертуары

admin