Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Мəдениет министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ  меморандум жасасты
Жаңалықтар

Мəдениет министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ  меморандум жасасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мəдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Əділ Мұхамеджанов ҚР Үкіметінің 2014 жылы 23 қыркүйектегі N-1003 қаулысымен бекітілген ереже негізінде әрекет ете отырып, 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасын іске асыру аясында меморандумға қол қойды», – делінген Мәдениет министрлігі таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, аталған келісім аясында компания министрлік ұсынған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен жалдамалы пəтер береді. Өз кезегінде Мəдениет жəне спорт министрлігі компанияға қажетті тізімді əзірлеу үшін ведомство мен бағынысты мекемелердегі қызметкерлерден тізімді іріктеу бойынша жұмыс жүргізеді. Компания келісімшартта көрсетілгендей азаматтарды сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі: https://www.inform.kz/kz/m-deniet-ministrligi-men-kazakstan-ipotekalyk-kompaniyasy-ak-memorandum-zhasasty_a3711683

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

“Айтылмаған махаббат” атты театрландырылған ән-думан кешіне шақырамыз!

admin

Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРДА

admin

«ҰШҚЫШ БОЛҒЫМ КЕЛГЕН ЕДІ»

admin