Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтарыЖаңалықтар

Премьера! Ғ.Мүсірепов театрында «Сең» драмасы қойылады

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 20 қазан күні сағат 18:30-да «Сең» драмасы қойылады. Драманың қоюшы-режиссері – Сырым Асқаров. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Классик жазушымыз – Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Парыз» романының желісі бойынша сахналанған «Сең» спектаклі – Арал тағдыры мен адам тағдыры арасындағы арпалыс.

…Махаббат пен ғадауат қатар өрілген шығарманың шыңы – Арал тағдырына, жалпы табиғат-анаға ақыл-ғылыммен емес, махаббатпен қарауға шақырады.

Бұл қойылымда табиғат пен пәндәуи тыраш-тірліктің тартысындағы таразы теңсіздігі айқын көрінеді. Заман талабына сай қойылып отырған бұл шығарма – өз көрермендерін ойландырмай қоймайды.

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/48685/

Сәйкес жаңалықтар

Театр және кино актеры Талғат Келімбетов 31 арнаның жаңа жобасында басты кейіпкерлердің бірі – Изуит рөлін сомдауда. “Портал” (Адасқандар) деп аталатын төл туындының режиссері – Шота Гамисония

admin

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

admin

Алматыда Қазақстанның халық артисі Қасым Жәкібаевты еске алу кеші өтті

admin