Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Жаңалықтар

Премьера! Ғ.Мүсірепов театрында «Сең» драмасы қойылады

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 20 қазан күні сағат 18:30-да «Сең» драмасы қойылады. Драманың қоюшы-режиссері – Сырым Асқаров. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Классик жазушымыз – Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Парыз» романының желісі бойынша сахналанған «Сең» спектаклі – Арал тағдыры мен адам тағдыры арасындағы арпалыс.

…Махаббат пен ғадауат қатар өрілген шығарманың шыңы – Арал тағдырына, жалпы табиғат-анаға ақыл-ғылыммен емес, махаббатпен қарауға шақырады.

Бұл қойылымда табиғат пен пәндәуи тыраш-тірліктің тартысындағы таразы теңсіздігі айқын көрінеді. Заман талабына сай қойылып отырған бұл шығарма – өз көрермендерін ойландырмай қоймайды.

Ақпарат көзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/48685/

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Вице-министр: Туризмді дамыту бағдарламасы сөреде жататын құжат болмауы тиіс

admin

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ ПАВЛОДАРҒА КЕЛДІ

admin

Қазан айының репертуары

admin