«Желтоқсан желі»
драма
Авторы – Серік Асылбекұлы
Қоюшы режиссері – Мұрат Ахманов
ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері
Қоюшы суретшісі – Алтынай Жүсіпәлі
Музыкамен көркемдеген – Торғын Рақымбаева
Режиссердің ассистенті – Қадырғазы Қуандықов
Қойылым – бір күннің оқиғасымен өрбиді. Яғни, 1986 жылдың әлі күнге дейін жадымызда жаңғырған ызғарлы күнінде Орталық алаңға шыққан жастар – қыз бен жігіттің қан жоса тағдыры, олардың адамның бойы мен жанын мұз қарыған сондай ауыр шақтарда бірін-бірі құрсауда тастамай, бір-біріне пана болуы…Сондай-ақ, оларды қала қарттары Баймырза мен Талшынның үйін тасалауы көрініс табады. Ақыр аяғында, аяғы ауыр болса да алаңға шыққан Ақмарал қыз жат үйде – Баймырза атаның шаңырағында күнінен бұрын босанып қалады.
Бұл – тек, осы кейіпкерлердің басында болған жәйттер ғана емес еді…
Намысты ту еткен қазақ жастарының жүрекжарды тілегін тыңдауды қорсынған «жүйе» «Орталық алаңда» – «сахнада» оларды қан жоса қып, зорлық-зомбылық көрсетіп жатты. Ұрды, соқты, сүйреді…намыстарына тиді. Осының бәрі – бір спектакльдің өне-бойына Өнер тілімен сыяды.
1986-да Алаңда болмаған адамдар спектакльді көріп отырып, сол күндермен тікелей қауышқандай әсерде болады.