Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ТЕЛҒАРА

admin

Мұхтар  ӘУЕЗОВ
инсц. Ж. Хаджиев, К. Ахметов

«ТЕЛҒАРА» (Жас Абай)трагедия

Қоюшы-режиссері – Жанат  Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет»  орденінің  иегері
Қоюшы-суретшісі  – Серікқан  Омаров,  Мәдениет  қайраткері
Музыкасын құрастырушы Жанат Хаджиев
Режиссердің ассистенті – Бейбіт Камаранов, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
Режиссердің  көмекшісі – Әлия  Әбсаттарова
Жасымда  албырт  өстім,  ойдан  жырақ
Айлаға,  ашуға  да  жақтым  шырақ.
Ерте  ояндым,  ойландым,  жете  алмадым,
Етекбасты  көп  көрдім  елден  бірақ.  ( Абай. )
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла!» – деген  Абай  әлемін  біз  жете түсініп, Абай ғибратына толық қаныға алдық па?..
Азғындыққа  қойылар  тосқауылдар  болады.  Тобырлық  сананы  сілкінтетін  не?..  Сұрқия менен сұр жыландарға тас атар кездер де болады. Міне, осындай тіршілік тұтқиылдарын ұғынған  бала-Абай  бірден  есейіп  кетеді.  Есейткен  кімдер? – Өз  ортасы…
Абай – таусылмайтын  әлем!  Ендеше,  көрермен!
«Жас Абайды» көріп, елге де бір есті керегін сезінгендей боласыз…
Спектакльдің  премьерасы: 30 наурыз,  2016 жыл