Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі
1942 жылы 9 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.
1961-1967 жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының «Актер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1967 жылы жолдамамен Қазақ Мемлекеттік балалар мен жастар театрына актриса болып қабылданып, осы күнге дейін еңбек етіп келе жатыр.
Ойнаған рөлдері:
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар, Ж.Тәшенов , И.Савин «Іске сәт, қыздар-ай» – Айгүл, «Студенттер»-Айнагүл Бөкеевна, М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» – Ғазиза, «Махаббат неге оянбады?» – Қапиза, «Жаралы гүлдер» – Шегіртке қыз, С.Жүнісов «Қызым, саған айтам»- Шүкетай, Т.Ахтанов «Махаббат мұңы»- Бағила, М.Кәрім «Ай тұтылған түн» – Зүбаржат, М.Әуезов «Жас Абай»-Тоғжан, «Қаралы сұлу» – кемпір, «Алуа» – Әйел, «Алдардың айласы»-Бәйбіше, М.Ақынжанов « Алтын сақа» – Ана, , Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Қатира, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – әже Ұлжан, Ш.Құсайынов «Монологтар» – Мәншүк Мәметова, Ө.Боранбаев «Қаңбақ шал» – Бәйбіше, Б.Римова «Көп ішінде жалғыздар» – Гүлбарам, Е.Аманшаев «1001 түн» -Ум-Абылқасан, Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, «Індет» – Шеше, М.Хасенов «Табамын сені» – Қыз, «Қайсар» – Қыз, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Бейтаныс әйел, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Кемпір. А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна, А.Островский «Адам аласы ішінде» – Әйел, У.Шекспир «Махаббат айдыны» – Әйел, Дж.Патрик «Кемпірден қалай құтыламыз» – Кемпір, т/б.
Мемлекеттік марапаты:
1998ж. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі»
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;