Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЕРДЕН ЖАҚСЫБЕКОВ

admin

Жақсыбеков Ерден Бахтярұлы

1990 жылы, 16 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
2008 – 2012 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Музыкалық-драма театрының актеры» мамандығы  бойынша жоғары кәсіби білім алған.
2017 жылдың 16 тамызынан бастап, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер ретінде қызмет етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
С.Мұратбеков «Жусан иісі» – Есікбай, С.Балғабаев «Енелер мен келіндер» – Алмат, Р.Отарбаев «Ғабит» – Ілияс, Ақан; Ж.Әлікен «Құпия» – Студент, А.Көлбаева «Аманат» концерт-спектаклінде – Жас Абай, І.Жансүгіров «Құлагер» – Бала, т.б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
Ә.Байбол «Әріптер әлеміне саяхат» – Жақсыбек, Г.Х.Андерсен, Е.Л. Шварц «Мұз патшайымы» – Кай, орыс халық ертегісі «Туған күн» –  Қылжақбас, т.б.