Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

ЕНЕЛЕР мен КЕЛІНДЕР

admin

Сұлтанәлі Балғабаев

«ЕНЕЛЕР мен КЕЛІНДЕР» (комедия)

Қоюшы-режиссер – Ержан Қауланов
Қоюшы-суретші – Нұржан Сәменов
Музыкасы – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық  ансамблі
Балетмейстер – Зарина Айшуақова
Режиссердің ассистенті – Бақыт Тушаев
Режиссердің көмекшісі – Гүлфайруз Смаилова
Төл мəдениетіміз бен салт-дəстүрдің сақталуы – жаңғыруымыздың негізі. Ұлттық код – рухани кейіптің кілті, болмыстың бастауы. Адамилықтың жады мен тəрбие-тегіміздің тірегі -руханиятымыздың өзегі бүтіндігінен ажырамас үшін, не істей аламыз?!..
Қоғамда қанша Адам болса, сонша мінез бен кейіп бар. Өткенімізді, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, бүгінгі өркениетімізбен сабақтай аламыз ба?..
…Қазіргі күнгі “Енелер мен келіндер” қандай екен? Олай болса, мәртебелі көрермен, осы аттас комедиялық жаңа спектакльді көруге келіңіз!
Спектакльдің премьерасы: 16 маусым, 2018 жыл