Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Ерлан Кәрібаев

admin

%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d3%99%d1%80%d1%96%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b21981 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1999-2003 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма театр» актер мамандығы бойынша бітірген.
2012-2014 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма режиссері» магистратурасын тәмамдады.
2003-2010 жылдары Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актері.
2012 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Н.Жантөрин атындағы театрда:
Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Төлеген, Т.Әліпбаев «Томирис» – Спаргапис, Б.Беделхан «Махамбет» – Гекке, С.Сматаев, Т.Теменов «Жолайрық» – Қайыржан, У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Ромео, Ә.Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» – жас шебер, А.Вампилов «Тұңғыш ұл» – Сильва, Ф.Эрве «Мадмуазель Нитуш» – Шамплатро, С.Балғабаев «Ғашықсыз ғасыр» -режиссер, т/б.
Ғ.Мүсірепов атындағы театрда:
М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – жігіт, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Ғабиден, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Дәурен, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Қасым, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Қуқар, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Әтеш, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
М.Ахманов «Наурыз думан» – Ұлу, «Ертегілер әлемінде» – Бэтман, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Бурик, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Трубадур, Р.Киплинг «Маугли» – Маугли, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Сырдақ, т/б.