Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Толқын Нұрбекова

admin

%d1%82%d0%be%d0%bb%d2%9b%d1%8b%d0%bd-%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%be%d0%b2%d0%b01985 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген.
2003-2004 жылдары Қаратау қаласындағы «Ұлбике» атындағы мәдениет үйінде жұмыс істеді.
2004-2005 жылдары Жамбыл облысы, «Баласағұн» атындағы филармонияда еңбек етті.
2005-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма театрының» актерлік мамандығы бойынша бітірді.
2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Н.Ораз «Таудағы түн» – жас қыз, Т.Теменов «Карменсита» – Микаэлло, Е.Аманшаев «Балкон» – құрбы, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – журналист қыз, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мехри, Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Сәбира, М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – медбике, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – қыз, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Элиза, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – құрбы, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
А.Белозорев «Кірпінің досы» – қоян, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Жымбала, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Ханшайым, Л.Владимирский «Буратино» – маймыл, Ө.Боранбаев «Ер көжек» – көжек, Р.Киплинг «Маугли» – биші қыз, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Қарашаш, т/б.