Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты
1984 жылы 13 шілде де Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр және кино» актері мамандығы бойынша оқып бітірген.
2005 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етеді.
Ойнаған рөлдері:
Т.Ахметжан «Екі жүрек» Айнұр, И.Вовнянко «Стриптизердің өлімі» Клеопатра, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Клара, Т.Теменов «Алма бағы» – Алма, Э.Де Филиппо «Цилиндр» – Рита, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Айша, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка, Т.Теменов «Карменсита» – Кармен, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Бану, М.Байджиев «Тұншыққан сезім» – Нәзи, Ш.Айтматов «Қызыл орамалды шынарым» – Хадиша, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Инга, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең…» – қыз, О.Манджиев, Т.Теменов «Ырылдақ күшік»- Клоун, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Айдаһар қыз, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Көкшулан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2008ж.«Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»
2012ж. IV – халықаралық Орта Азия елдері театрларының фестивалінде Т.Теменовтің «Карменсита» қойылымында Кармен рөлін ойнағаны үшін «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының жүлдегері атанды.