Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты
1981 жылы 11 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Грабово ауылында дүниеге келген.
1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Драма актер» мамандығы бойынша бітірді.
2002 -2004 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдады.
2002-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы «МЕН» театрында актриса болып жұмыс істеді.
2004 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
У.Шекспир «Гамлет» – Офелия (дипломдық ), Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» – Қарлығаш, Т.Ахметжан «Екі жүрек» – Айнұр, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Арайлым, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді…» – Гүлайым, У.Сароян «Жұмақтағы жасын» – Эмили, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Лиза, Зауреш, Е.Аманшаев «Балкон» -әйел, Ш.Айтматов «Қош бол, ақ кеме» – бала, «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Музлук, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – Луиза, «Ж.Солтиева «Сағым қуғандар» – Сәбира, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» – Ботка, т/б.
Балаларға арналған спектакльдерде:
А.Толстой «Алтын кілт»- Буратино, «Қайдасың, бақыт?»- Талшыбық, «Чипполино және оның достары»- Чипполлино, «Ғажайып қобдиша» – Тышқан, «Асар» – қоян, «Бәрінен күшті, қорқақ көжек» – көжек, «Томпақ қонжық» – Мальвина, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Ханшайым, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Жәнібек, Ш.Құсайынов «Алдар көсе» – Меңсұлу, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2007 ж. Театр күніне орай, «Еліміздің сахна өнерін дамытуға қосқан зор үлесі және соңғы жылдардағы театр қойылымдарындағы үлкен шығармашылық табыстары үшін» деген Қазақстан театр қайраткерлері одағының дипломымен марапатталды
2013 ж. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.