Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Гүлбаһрам Байбосынова

admin

dsc_54941987 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2005-2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша бітірді.
2009 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.
Ойнаған рөлдері:
Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Марфуға, Жәмила, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі»- Мухайе, Нигора, С.Сматаев «Көгілдір такси» – Мариям, Т.Теменов «Махаббат сазы» – поэзия кеші, М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Элиза, Н.Ораз «Адасқан жұлдыз» – актриса, «Таудағы түн» – Мәдина, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – Ана, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Қарагөз, А.Вампилов «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» – Нина, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» – Нина, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Патшайым, Т.Теменов «Карменсита» – Мерседес, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – қыз, Э.Хушвақтов «Сүйе білсең…» – Рушана, Г.Хугаев «Қара шекпен» – Сылаң, Т.Ахтанов «АНТ» – Бәтима ханым, Д.Исабеков «Құстар фестивалі» – Тоты, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Хан де Эн «Су патшасы» – алтын балық, Иран-Ғайып «Аждаһаның әлегі» – маймыл, М.Ахманов «Наурыз-думан» – жылан, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Аққала, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Мысық, Р.Киплинг «Маугли» – Багира, т/б.
Марапаттары:
2016 ж. «Тәуелсіздіктің 25 жыл» медалі;