Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Анар Әділова

admin

%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%80-%d3%99%d0%b4%d1%96%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%b01986 жылы 21 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
2003-2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма театрының» актер мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылдан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс жасайды.
Ойнаған рөлдері:
Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» – Айша, Ш.Айтматов «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» – балық әйел, Т.Теменов «Карменсита» – Кармен, Ә.Тарази «Жақсы кісі» – Ұлжан, М.Әуезов «Ай – Қарагөз…» – Ақбала, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мухае, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат» – леди Мильфорд, М.Мақатаев «Мен, ұмытылмаймын…» – дәрігер, Т.Теменов «Махаббат сазы» – қыз, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Айдаһар қыз, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбаев «Ер көжек» – Түлкі, С.Қасымбек «Батыл көжектер» -Тиынтай, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл»- Ақшақар, М.Ахманов «Ертегілер әлемінде» – Ақшақар, Р.Киплинг «Маугли» – Ана бөрі, Ю.Энтин, В.Ливанов «Бремен музыканттары» – Күтуші қыз, т/б.