Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры

Сәкен Рақышев

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері

%d1%81%d3%99%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d1%80%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%88%d0%b5%d0%b21957 жылы 31 қарашада Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген.
1978-1982 жылдары Алматы мемлекеттік көркем және өнер институтының актер бөлімін тәмамдаған.
1982 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Мұрат, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»- Қодар, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Көкетай, «Қызыл орамалды шынарым» -автор, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» – Шаршеке, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Жәңгір хан, Б.Әлімжанов «Қазақы той-шоу, құдалық» -Дөкей, Ә.Тауасаров «Аса құрметті Икс» – Кенже, «Сен жанбасаң» – Саян, С.Балғабаев «Қазақша күрес» – Малдыбай, «Қыз жиырмаға толғанда» -Ғайыпберген, Т.Минниуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» – Жәміл, А.Островский «Адам аласы ішінде» – Гусар Курчаев, А.П.Чехов «Шағала»-мұғалім Медведенко, С.Сматаев «Қилы заман» – Райымбек батыр, «Көгілдір такси» – Есбергенов, Д.Исабеков «Анасын аңсаған қыз» – Қазығұрт батыр, «Ескерткіш операциясы» – мистер Чарльтон, О.Дастанов «Әзірет сұлтан»- Арыстан баб, У.Шекспир «Махаббат айдыны» – Федерико, Т.Нұрмағанбетов «Біз түріктерміз» – Насреддин, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Салбырақ, «Рәбиғаның махаббатында» – Уәтай, «Қызыл жебе» – Рудзужак, М.Әуезов «Жас Абай» – Сүйіндік, Б.Мұқай «Заманақыр» -Дастан, С.Асылбекұлы «Желтоқсан желі» – Тимур Қалдыбаевич, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» -Лукьянов, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Уәзір, Т.Ахтанов «АНТ» – Төле би т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1996ж. «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»
2014ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»,
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;