ҚазақстанРеспубликасының еңбек сіңірген артисі
1950 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Құлақшын бекетінде дүниеге келген.
1968-1972 жж. М.Щепкин атындағы театр жоғары училищесінің актер мамандығы бойынша тәмамдады.
1975-1977жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті.
1977 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Кәрім «Ай тұтылған түн» -Ақ жігіт, М.Әуезов «Айман-Шолпан»- Әлібек, «Алуа» — Арман, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» — Жалмұхан, Ә.Әбішев «Нұрлы жаңбыр» — Мұхит, «Мәди» — Иман, «Алау жалды арғымақ» — Сәкен, У.Шекспир «Дуалы түнгі думан» — Деметрио, Ә.Тәжібаев «Күн сайын сағынамын» — Сәкен, Ә.Тарази «Жақсы кісі»- Шалкез, С.Жүнісов «Әр үйдің еркесі» — Бахыт, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» — Қабанбай, «Махаббат мұңы» — Нияз, С.Сматаев «Зар заман» — Барақ, Т.Әбдіков «Біз үшеу едік» — Өмірбек, Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» -Успенский, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» — Алтай, «Қыз жиырмаға толғанда» — Ғайыпберген, Иран Ғайып «Қорқыттың көрі» — Ажал, Ш.Айтматов «Арманым Әселім» — Жантай, «Жан азабы» — Әмірші, Ә.Тауасаров «Махаббат аралы» — Марат, С.Сматаев «Көгілдір такси» — Қайыржан, Т.Теменов «Алма бағы» — Шал, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» — Лукьянов, Б.Мұқай «Шындық детекторы» — Жайсаң Базаров, Т.Ахтанов «АНТ» — Қайыпхан, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
1998ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі»
2010ж. «Құрмет» орденінің иегері
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздікке 25 жыл» медалі;

