Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Рахман Омар

admin

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

%d1%80%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b0%d0%bd-%d0%be%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%be%d0%b21973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген.
1990-1994 жылдары Т.Жүргенов атындағы театр және көркемсурет институтының актер мамандығы бойынша бітірді.
1994 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді.
Ойнаған рөлдері:
М.Әуезов «Жас Абай» — Абай, «Желсіз түнде жарық-ай» — Абай, «Қаралы сұлу» — ауыл баласы, И.Сапарбай «Ауылдан келген ару» — Жәнібек, Т.Нұрмағанбетов «Біз түріктерміз»- Сабыр, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан-Есеней»- Торсан, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» — Жантық, «Ақан сері – Ақтоқты» — шәкірт, С.Балғабаев «Мико, Жымбала және қасқыр» — Жымбала, «Қыз жиырмаға толғанда» — Есімсейіт, Ш.Айтматов «Жан азабы» — Мәңгүрт, Иран-Ғайып «Алтын Ажал» — Ғалижан, О.Дастанов «Әзірет сұлтан» — Кәрім, Д.Исабеков «Ескерткіш операциясы»- нұсқаушы, А.Кирий « Зона немесе шиебөрілер»-202-ші тұтқын, «Көп ішінде — жалғыздар» — Алдан, Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» — Сұңғат, Т.Теменов «Мулен ружға шақыру» — Сембин, «Карменсита»- Цун капитан, «Ғайыптағы мәңгілік махаббат сазы» — құс бейнесі, «Жамбылдың даңғыл да, тарғыл жолдары» — Қасым Тоғызақов, Ә.Тарази «Жақсы кісі» — Ахмет Хазин, т/б.
Балаларға арналған қойылымдарда:
Ө.Боранбай «Бәрінен күшті — қорқақ көжек» — Лақ, А.Сейдімбеков «Күннің қызы –Күнікей» Желаяқ, М.Ақынжанов «Алтын сақа» — Сарман, А.Толстой «Алтын кілт»- Базилио, т/б.
Мемлекеттік марапаттары:
2007ж. «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты
2016 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»