Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова

Бельгибаева Рабина Талғатқызы

admin

Рабина Бельгибаева

2004 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында өмірге келген. 2020-2023 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы колледжде «Актерлік өнер» мамандығы бойынша білім алды.

2023-2024 жылдары Түркістан музыкалық драма театрында жұмыс жасады.

2024 жылы Алматы қаласындағы Бәйтен Омаров атындағы Жас сахна театрында еңбек етті.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп келеді.

Ойнаған рольдері:

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында: Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» (реж.: Гүлназ Балпеисова) – Жас Ұлпан, Федерико Гарсиа Лорка «Оян, қалыңдық» (реж.: Дина Жұмабаева) – Қалыңдық, Всеволод Вишневский «Оптимистік трагедия» (реж.: Сергей Левицкий) – Комиссар, Уильям Шекспир «Гамлет. Соңғы күндер» (реж.: Дина Жұмабаева) – Розенкранц, Антон Чехов «Шие бағы» (реж.: Рача Махатаев) – Шарлотта, Николай Гоголь «Ревизор» (реж.: Фархад Молдағали) – Марья Антоновна, Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» (реж.: Фархад Молдағали) – Қыздар, Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ» (реж.: Фархад Молдағали) – Балалар, т.б.

Түркістан музыкалық драма театрында: Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» (реж.: Олжас Жақыпбек) – Күнсұлу, Саид Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж.: Дәурен Серғазин) – Нигора, Уильям Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж.: Дина Жұмабаева) – Фортуна, Оңайгүл Тұржан «Қаламқас» (реж.: Константин Семенов) – Балқара.

Жас сахна театрында: Ганс Христиан Андерсон «Дюймовочка» (реж.: Ирина Симонова) — Тышқан, Карло Гоцци «Турандот» (реж.: Иван Стависский, Алексей Шемес) — Адельма, Леонард Герш «Эти свободные бабочки» (реж.: Барзу Абдураззаков) – Джил.

Марапаттары: Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өткен театрішілік «Altyn saqa-2025» фестивалінде «Ұлпан» спектакліндегі Жас Ұлпан ролі үшін «Дебют» номинациясымен марапатталды.