Директордың орынбасары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Туған кезі (күні, айы, жылы): 29.07.1968ж.
Туған жері: Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек) ауданы, Сарыбастау ауылы.
1989-1993жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын «Театр және кино актеры» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.
2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің «Психология және педагогика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алуда.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер өнері және режиссура» кафедрасының доценті;
Магистр.
Еңбек жолы:
1985-1989 жж. Еңбекшіқазақ ауданы мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі;
1993-1996 жж. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актеры;
1996-1998 жж. «Тамаша» ойын-сауық отауының актеры;
1998-2012 жж. «Терісқақпай» комедия театрының бас директоры;
2012 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы;
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап директордың орынбасары лауазымдық қызметін атқарады;
Марапаттары:
2010 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
2016 ж. «Құрмет» орденінің иегері;