1998 жылы 23 қазанда Талдықорған қаласында өмірге келген. 2017-2021 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Театр және кино артисі» мамандығы бойынша білім алды.
2022-2024 жылдар аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында еңбек етті.
2024 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етіп келеді.
Ойнаған рольдері:
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында: Георгий Хугаев «Қара шекпен» (реж.: Ерлан Кәрібаев) — Көкшулан, Қолғанат Мұрат «Мұғалім» (реж.: Данияр Базарқұлов) — Айдана, Жәнібек Әлікен «Қазақтың тойы бітпесін» (реж.: Данияр Базарқұлов) — Роза, Михаил Себастьян «Аты жоқ жұлдыз» (реж.: Дина Жұмабаева) — Оқушы.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» (авт.: Жұлдызбек Жұманбай) – Раушан, Ақберен Елгезек «Болмаған балалық шақ» (реж.: Фархад Молдағали) – көпшілік сахна, Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» (реж.: Фархад Молдағали) – көпшілік сахна, т.б.


