Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
БАҚ жаңалықтары Мекеме жаңалықтары

«Мезет» фильмінде басты рөлді сомдаушы Гүлбаһрам Байбосынова – «Таңшолпан» студиясында қонақта

Гүлбаһрам Байбосынова фильмде Айша есімді кейіпкердің рөлін сомдайды.

Ертеңнен бастап, ел кинотеатрларында «Мезет» атты жаңа отандық фильмнің тұсауы кесіледі.

Туындының режиссері – Ақжол Әбілов пен басты рөлді сомдаушы Гүлбаһрам Байбосынова – «Таңшолпан» студиясында қонақта.

«Мезет – қолданыстан шығып қалған сөз. Бірінші мақсатымыз – қайта сөздік қорымызға енгізу болса, фильмнің өзі бір сәттік өмірді баяндайды. Сондықтан, осы атауға тоқтадық», дейді Ақжол Әбілов.

Гүлбаһрам  Байбосынова  фильмде Айша есімді кейіпкердің рөлін сомдайды.

«Отбасымызда бес қыз өстік. Тұрмыстағы әпкелерімнен көрген-түйгенім бар. Сондықтан, ананың рөлін алып шығу аса қиынға түскен жоқ. Бағасын көрермендер бере жатар», дейді актриса.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

admin

“Білім және Мәдениет” телеарнасы “Қайырлы күннің” жылдық қорытынды бағдарламасы.

admin

25-қараша күні театрымызда “Кейіпкер келбеті” қонақ бұрышының кезекті кездесуі өтеді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІне орай ұйымдастырылған кездесуіміздің қадірлі қонағы, ҚР халық артисі – Роза Əшірбекова.

admin