Казахский Государственный Академический театр для детей и юношества имени Габита Мусрепова
Новости СМИНовости

Мүсірепов театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры — Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы мен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өткізді.

unnamed1

Алматы қаласы № 4 оқушылар үйінің «Мөлдір» би ансамблі, Орыс халық әні театрының жанындағы «Семиряночка» балалар ән ансамблі, Алматы қаласы Өзбек этно-мәдени орталығының өнерпазы — Исмаилова Хадича, Алматы қаласы «Дай Мохк» Шешен этно-мәдени орталығының бишілері әуезді әндері мен тамаша билерін тарту етті.

Мерекелік іс-шара соңында «Халықтар достығына» арналған БИді этно-мәдени орталықтардың өнерпаздары мен театр артистері бірігіп орындады.

Іс-шара соңында, барлық қатысушыларға театр ұжымы атынан алғыс хаттар мен бас демеуші «Рахат» АҚ атынан тәтті сыйлықтар табыс етілді.

unnamed

Сәйкес жаңалықтар

Video Format : Vimeo Post

admin

#Қазақхандығына550жыл #ҚАРА #ҚРтұңғышпрезидентікүні #Мүсіреповтеатры #Тамшы

admin

Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті

admin